




Ғұбайдолла Ақтаев – “Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі”, Қазақстан мұғалімдерінің II және III съездерінің делегаты. Ол Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Құрмет грамотасының иегері. Сондай-ақ, “Еңбек Қызыл Ту”, “Құрмет белгісі”, екі рет “Қызыл жұлдыз”, I-II дәрежелі “Отан соғысы” ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.
🔹 1995 жылы 23 қарашада Ақтөбе қаласының мәслихатының 8-сессиясының №82 шешімімен №6 орта мектепке Ғұбайдолла Ақтаев есімі берілді.
Мектеп тарихындағы маңызды оқиғалар
📌 1927 жыл – Алғашқы шәкірттер мектеп табалдырығын аттады.
📌 1936 жыл – Қазақ зиялылары қуғынға ұшырап жатқан кезде мектепке К.Е. Ворошилов келді.
📌 1937 жыл – Алғашқы түлектерге кәмелеттік аттестат берілді. 8 маусымда 8 сыныптық дербес бастауыш мектеп бөлініп шықты.
📌 1958 жыл – 1 қыркүйекте 65 орындық интернат-пансион ашылды.
📌 1970 жыл – 29 қаңтарда мектепке К.Е. Ворошилов есімі берілді.
📌 1978 жыл – Қазіргі мектеп ғимараты пайдалануға беріліп, орыс-қазақ мектебі болды.
📌 1990 жыл – “Еңбек және соғыс ардагерлері” мұражайы ашылды.
📌 1991 жыл – 1 тамызда мектеп жалпы орта білім беретін қазақ мектебі атанды.
📌 1993 жыл – “Алматы қазына” мұражайы ашылды.
📌 1995 жыл – 23 қарашада мектепке Ғ. Ақтаев есімі берілді.
📌 1997 жыл – Мектептің 70 жылдығы республикалық деңгейде атап өтілді.
📌 2007 жыл – Білім ордасының 80 жылдық мерейтойы тойланды.
📌 2017 жыл – Қасиетті қара шаңырақ 90 жасқа толды.
🎓 Ғұбайдолла Ақтаев атындағы мектеп өзінің ғасырлық тарихы бар, қазақ білімінің қара шаңырақтарының бірі болып саналады.
