Қазақтың ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп ұйымдастыруымен 4-сынып оқушыларына «Жанымызды нұрландырған ұстаз» атты зияткерлік сайысын өткізді.
Сайыс барысында оқушылар «Зерде сынақ», «Еңбек – елдің азығы», «Сурет сырын тап» кезеңдерінде бақтарын сынап, Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, ағартушылық қызметі мен шығармаларына қатысты сұрақтарға жауап берді. Оқушылар ақынның білім мен еңбекті насихаттайтын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, тағылымды мұрасын дәріптеді.
Шара аясында «Өшпес өнеге, мәңгі мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған Ыбырай Алтынсариннің шығармалары, өмірі мен педагогикалық мұрасы туралы әдебиеттер қойылды. Көрмеге қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасап, оқушыларды ағартушының мол мұрасымен таныстырды.
Зияткерлік сайыс оқушылардың Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына деген қызығушылығын арттырып, оның «оқу», «еңбек», «өнер», «білім» идеяларының бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Scroll to Top