🔶18.09.2025 күні “Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы” КММ-де “Өрлеу” БАҰО АҚФ Ақтөбе облысы бойынша ҚДИ, кафедра аға оқытушысы, пғм Шаштыгарина С.М ұйымдастыруымен және мектеп-гимназия директоры Ж.О.Романованың қолдауымен «Цифрлық және инновациялық білім беру технологиялары негізінде тәрбие үрдісін жаңғырту» тақырыбында бірлескен облыстық көшпелі тәжірибелік семинар өтті. Семинарға облыс бойынша директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
🔶 Семинар мақсаты: мектептің оқу-тәрбие процесінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, тәрбие жұмысының мазмұнын жаңғырту және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
📚 Семинар бағдарламасы аясында өткен маңызды баяндамалар мен іс-тәжірибелер:
Семинарды мектеп-гимназиясы директоры Ж.О.Романова мен директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Д.Б. Муханбедиярова ашып берді.
🟩 Теориялық бөлім:
- «Мектептегі тәрбие жұмысын жаңғырту: дәстүр мен жаңашылдық үндестігі» – Б.З. Матаева, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
- «Цифрлық платформалар негізінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру: тәжірибе және нәтижелер» – А.Ж. Жанабергенова, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
🟦 Тәжірибелік бөлім:
- «Заманауи тәрбие сағаттары: цифрлық ресурстар мен инновациялық әдістер синтезі» – сынып жетекшілер Г. Шуакбайқызы, Д. Шанаева
- «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы», «SMART BALA» жобасы – Р. Мынжасаров, А. Нугуманов, Ж. Көлбай, А. Кеншіліков, Б. Смайлова, Г. Садыкова, А.Ахмет
⸻
- «Оқу пәндерінде “Адал азамат” бағдарламасы негізінде құндылықтарды қалыптастыру» – пән мұғалімдері Г. Имангалиева, Г. Жәшібай, Г. Жанай
- «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асырудағы ата-аналар мен өзін-өзі басқару ұйымының үлесі – З. Мендеева, Л. Мырзатаева, Г. Жантурина, О. Жүсіпова, Г. Шайырова, Ш. Байгараева, М. Амангелдін, П. Жұматаева, А. Тыныштық, А. Дүйсенбина, Р.С. Абилқайыров, ата-аналар, «Jalyn» Парламенті.









