📚 ✨ Шеберлік алаңы – тәжірибе мен жаңашылдық үндестігі
4 наурыз күні Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы базасында көркем еңбек пәні мұғалімі, шығармашыл ұстаз Туысова Акбота Ерсайновна ұйымдастырған «STEM технологиясы – көркемдік-эстетикалық инновациялық ойлау мен дағдыларын дамыту» атты қалалық шеберхананың жабылу рәсімі өтті.
Шеберхана мазмұны теориялық бөлімнен басталып, практикалық кезеңде:
🔹 «Былғары тері мен тасқа көркемдік бейнелеу» шебер-класс Туысова Акбота Ерсайновна;
🔹 «Портрет» дәстүрлі емес техникасы бойынша Әл-Фараби атындағы №21 гимназиясы көркем еңбек пәні мұғалімі Еркінқызы Сұлушаш;
🔹 «Дорба сөмке» матаға сурет салу шебер-класс Алтаева Гульнара Алтайқызы өткізді.
Қатысушылар белсенділік танытып, жоғары деңгейдегі шығармашылық нәтижелер көрсетті.
Шара соңында ұстаздар қалалық білім бөлімі тарапынан сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Шығармашылық ізденіс пен кәсіби дамуға бағытталған мазмұнды кездесуге атсалысқан барша ұстаздарға алғыс білдіреміз.

Scroll to Top