ҚАУІПСІЗДІК – ӘРБІР БАЛА ҮШІН МАҢЫЗДЫ!
Жаңа оқу жылының алғашқы күні, 1 қыркүйекте, мектебімізде оқушылармен қауіпсіздік тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында УПИИ ДП-нің бас маманы, полиция майоры Алданаева Асия Жұмабаевна оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Басқосу барысында:
🚦 жол қауіпсіздігі;
🏠 үйдегі қауіпсіздік;
📱 интернет пен әлеуметтік желідегі қауіпсіздік;
🤝 буллингтің алдын алу;
🚫 зиянды әдеттердің, есірткінің және құмар ойындардың зияны;
⚖️ құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау;
🌙 кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүруіне қатысты талаптар туралы маңызды ақпараттар берілді.
Оқушылар маманмен сұрақ-жауап форматында пікір алмасып, түрлі өмірлік жағдайларда өзін дұрыс ұстау және қауіпсіз шешім қабылдау жолдарын талқылады.
Қауіпсіздік – әрқайсымыздан басталады!
Өз өміріміз бен денсаулығымызға жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтайық!
#БілімКүні #Қауіпсіздік #ЖолҚауіпсіздігі #ЗаңЖәнеТәртіп #БуллингтіңАлдынАлу #ИнтернетҚауіпсіздігі #АдалАзамат



