«Ойлан, жаз, жырла!»
18.09.2026 ж. күні 4 «Ә» сынып оқушылары Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында ұйымдастырылған «Ұлағат» оқу жобасы аясындағы «Фанфикшен – ойлан, жаз, жырла!» атты танымдық шараға қатысты.
Шара барысында оқушылар шығармашылық ойларын дамытып, кітап әлеміне терең бойлады. Бекен Ыбырайымның “Аспандағы оқиға” атты-ертегі -хикаятындағы кейіпкерлерге шолу жасап, әртүрлі сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмалар орындады. Балалар белсенділік танытып, білімдерін шыңдап, ерекше әсер алды.
Жауаптылар: тәрбие штабы, сынып жетекшісі: Балғабаева А.М.

Scroll to Top