21.09.2026ж. Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиямызда жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және таңертеңгілік күтіп алу алгоритмі аясында мектеп әкімшілігі, кезекші әкімшілік, кезекші мұғалімдер, сынып жетекшілердің қатысуымен кезекті жұмыс күн сайын өткізілуде.
Алгоритм ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 03.03.2023 ж. №61 бұйрығына, 2024 жылғы 28 тамыздағы №227, 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрықтарына негізделе отырып ұйымдастырылуда.




