30.09.2026ж. “Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы” КММ-нің жоспарына сәйкес “Мемлекет және дін” тақырыбында Дін орталығының теолог маманы О.Әбдіқалықов оқушыларға дәріс өткізді.
Мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу, жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсіндіру және зайырлы мемлекет қағидаттарын насихаттау.
Іс-шара барысында оқушыларға дін мен мемлекеттің арақатынасы, діни экстремизм мен радикализмнің қауіптері, интернеттегі діни ақпараттарды дұрыс қабылдау және күмәнді діни ағымдардан сақтану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді және видеороликтер көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан тұшымды жауаптар алды.

Scroll to Top