ЗАҢДЫ БІЛУ – ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ СЕЗІНУДЕН БАСТАЛАДЫ
2 қазан күні «Жастарға кеңес» жобасы аясында «Заң мен Тәртіп» қағидатын негізге ала отырып, мектеп оқушыларымен құқықтық бағытта кездесу өтті.
Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтың салдары, буллинг пен өзге де келеңсіз жағдайлардың алдын алу мәселелері қозғалды.
Кездесуге Ақтобе қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры — Муханбетьярова Гулсана Мурадиловна, Ақтобе қаласы ПБ Алматы ауданы №2 ҚПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигы — Жабагиев Аскар Абилханович және «Ақтобе қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ маманы — Сәндіғалиқызы Ару қатысты.
Мамандар оқушыларға күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, құқық бұзушылыққа жол бермеу, қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау және кез келген жағдайда өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау жөнінде ақпарат берді.

Scroll to Top