🌿 Жасыл мектеп – жарқын болашақ бастауы!
Бүгінгі білім ордасы – тек сабақ өтетін орын емес, ол – экологиялық мәдениетті қалыптастыратын, саналы ұрпақ тәрбиелейтін орта. «Жасыл мектеп» бастамасының негізін қалаған директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұханбедиярова Дина Базарбаевна бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жоба аясында жаңадан жұмысқа қабылданған ұстаздар алдағы көгалдандыру іс-шараларына дайындық жүргізуде.
Ұстаздар – жаңашылдық пен игі бастамалардың жаршысы. Табиғатты аялау – болашаққа жасалған жауапты қадам.


