2025–2026 оқу жылының түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты

📅 18 маусым 2026 жылы Ғ. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыстауға арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті.

Мерекелік шараға қатысқан құрметті ұстаздарды, қадірлі ата-аналарды және мектеп бітіруші түлектерді 2025–2026 оқу жылын сәтті аяқтауларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Салтанатты жиынды мектеп-гимназиясы директорының уақытша міндетін атқарушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Матаева Бақыт Зұлқарнаевна ашып, түлектерге ақ жол тілеп, ізгі лебізін білдірді.

Мерекеге арнайы қатысқан Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Куразова Құралай Ілиясқызы Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Д.У. Жаманбаеваның атынан мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі жетістіктерімен дараланған түлектерге Алғыс хаттар табыстады.

🏆 Марапатталған түлектер:

✨ Нағметуллаева Нұрғиса Изетуллақызы – ҰБТ-дан мектеп бойынша ең жоғары 134 балл жинаған түлек;

✨ Жандаулет Жансейітұлы – екі жыл қатарынан Мектеп Парламентінің жұмысын республикалық деңгейде қорғаған мектеп Президенті;

✨ Адилия Азаматқызы – «Қамқор» жобасының жетекшісі, Мектеп Парламентінің «Қамқор» фракциясының көшбасшысы, мектеп вице-президенті.

Түлектерімізге алдағы өмір жолында мол табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, ел мақтанышына айнала беріңіздер!

🎓 Ақ жол, жас түлектер!

Scroll to Top