Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидат төменде көрсетілген құжаттарды hr.nobd.edu.kz сайтына өтіп электронды түрде жүктейді:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық
  8. наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
  9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  10. ағылшын тілі педагогтері үшін: сертификаттар (CELTA, DELTA, IELTS – 6,5 балл, TOEFL iBT – 60-65 балл) немесе біліктілік санаты;
  11. педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  12. жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Scroll to Top