22.04.2026ж. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 22 сәуір — Ғұбайдолла Ақтаевтың туғанына 121 жыл толуына орай «Ұрпаққа үлгі болған ұлы тұлға» апталығының мектепішілік жұмыс жоспарына сәйкес Ғұбайдолла Ақтаевтың рухына тағзым ету мақсатында мектеп-гимназиясы бойынша 1 минуттық үнсіздік пен гүл шоқ қою рәсімі ұйымдастырылды. 2026 жылдың 22 сәуірінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында айтулы тұлға Ғұбайдолла Ақтаевтың туғанына 121 жыл толуына орай «Ұрпаққа үлгі болған ұлы тұлға» апталығы өтті.
Шара барысында мектеп-гимназия ұжымы мен оқушылары 1 минуттық үнсіздік жариялап, асыл тұлғаның рухына тағзым етті. Гүл шоқ қою рәсімін орындау мәртебесі мектеп-гимназиямыздың мақтаныштары — 11-сынып түлектері мен «Алтын белгіге» үміткерлер: Китанова Адина, Марат Аружан, Мұрат Лаура, Мырзабаева Нұрбану, Нағметуллаева Нұрғисаға және үздік аттестатқа үміткер Есентаева Ақнұрға берілді.
Ұлы тұлғаның өнегелі жолы — келешек ұрпақ үшін әрқашан бағдаршам болмақ.






