Мектебімізде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және таңертеңгілік күтіп алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында кезектен тыс жиналыс өтті.
Жиналыс барысында төмендегі алгоритмдер таныстырылып, нақты тапсырмалар берілді:
- Білім беру ұйымының аумағы мен кіреберісінің дайындығы
Аула мен кіреберістің тазалығы, бейнебақылау және күзет жұмыстары күшейтіледі. - Әкімшілік, класс/топ жетекшілер мен кезекші қызметкерлердің жұмысы
Кезекшілік ұйымдастырылып, оқушыларды қарсы алу тәртібі жүйеленеді. - Білім алушыларды қарсы алу тәртібі
Оқушыларды жылы қарсы алу, денсаулығын бақылау және психологиялық жағдайына назар аудару. - Тыйым салынған заттар тізбесі
Білім беру ұйымына алып кіруге және қолдануға тыйым салынған заттарға ерекше бақылау жүргізіледі. - Қабылданатын шаралар
Тыйым салынған зат анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданып, тіркеу жұмыстары жүргізіледі. - Қолданылатын шаралар
Мәселелер профилактикалық кеңесте қаралып, есепке алу және бақылау жұмыстары жүргізіледі. - Профилактикалық шаралар
Психологпен жұмыс, ата-анамен байланыс және әлеуметтік жағдайды бақылау күшейтіледі.
🔹 Жиналыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеліп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады.




