2025–2026 оқу жылының түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты
📅 18 маусым 2026 жылы Ғ. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыстауға арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік шараға қатысқан құрметті ұстаздарды, қадірлі ата-аналарды және мектеп бітіруші түлектерді 2025–2026 оқу жылын сәтті аяқтауларымен шын жүректен құттықтаймыз!
Салтанатты жиынды мектеп-гимназиясы директорының уақытша міндетін атқарушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Матаева Бақыт Зұлқарнаевна ашып, түлектерге ақ жол тілеп, ізгі лебізін білдірді.
Мерекеге арнайы қатысқан Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі Құразова Құралай Ілиясқызы Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Д.У. Жаманбаеваның атынан мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, түрлі жетістіктерімен дараланған түлектерге Алғыс хаттар табыстады.
Салтанатты кеште Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Сары Батақұлы атындағы сыйлықтың лауреаты, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР білім ісінің құрметті қызметкері, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Мухамбедиярова Дина Базарбаевна да жүрекжарды тілегін арнады.
Биыл мектепті 96 түлек тәмамдап, оларға жалпы орта білім туралы аттестаттар табысталды. Сонымен қатар:
🏅 «Алтын белгі» төсбелгілері;
📜 Үздік аттестаттар;
🌸 Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысы Күзембаева Бүлбүл Бисембайқызының құттықтау хаттары;
🌹 Мектеп-гимназиясы директоры Романова Жания Орынжаеваның Алғыс хаттары өз иелеріне салтанатты түрде тапсырылды.
Түлектердің білім мен тәрбие жолында қалыптасуына зор үлес қосқан сынып жетекшілеріне шынайы алғысымызды білдіреміз:
🌹 Түсібекова Жанар Райнисқызы
🌹 Иманғалиева Гүлсая Шаймырзақызы
🌹 Ахмет Айнұр Есенбайқызы
🌹 Жекеева Самал Омарқызы
Қымбатты түлектер!
Сіздерге өмір жолында әрдайым сәттілік серік болып, армандарыңыз орындалып, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз.
Қанаттарың талмай ұшын биікке,
Жетіңдер арман қуған шыңдарға!
Ақ жол тілеп қол бұлғайды мектебің,
Сәт-сапар тілейміз әрбір түлекке! 🎓✨





