“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы “Әр балаға жеке көзқарас”, “ата-ананың тәрбиедегі рөлі”, “Өз балаңа үлгі бол”, “Балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу”, “Ата-ананың беделі мен оның бала тұлғасының дамуына әсері” тақырыптарында өткізілді.
Жиналысты мектеп-гимназиясының директоры Романова Жания Орынжаевна бастап, ата-аналарға мектеп өмірі мен оқу-тәрбие үдерісіне қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті. Өз сөзінде ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөліне тоқталып, мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Ата-аналарға мектеп қызметі туралы ақпарат беріліп, оларды мектеппен ынтымақтастықта жұмыс жасауға, балалардың оқуына оңтайлы жағдай жасауға, білім алушылардың тәрбиесі мен дамуына белсенді қатысуға және мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған диалогтік алаң жүргізілді.

Scroll to Top