«Дарындылар аллеясы» – жетістікке бастар жол
Білім мен өнер, талант пен табандылық тоғысқан бүгінгі күн – мектебіміз үшін ерекше мәнге ие! «Дарындылар аллеясының» салтанатты ашылу рәсімі – болашақтың шамшырағын жаққан жарқын сәт, жас дарындардың жеңісін ұлықтайтын тағылымды мереке болды.
Мектеп-гимназиясы директоры Романова Жания Орынжаевнаның қолдауымен, директордың ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның идеясымен киелі қарашаңырақ тарихында тұңғыш рет «Дарындылар аллеясы» ашылды.
Бұл күн – дарынды шәкірттеріміздің ынталы ізденісі, іскер жетекші ұстаздарымыздың ерен еңбегі мен камқор ата-аналардың шексіз қолдауының нәтижесі.
Білім алушыларымыздың ата-аналары Алғыс хаттармен марапатталып, олардың бала тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбектері ерекше атап өтілді. Салтанатты шараға 100-ге жуық ата-ана, дарынды шәкірттер мен дарынды ұстаздар қатысып, дарындылардың жетістігін жария еткен қуанышты сәттің куәсы болды.
Музыка пәнінің мұғалімдері: Мырзатаева Лалагул Елеповна., Жұматаева Перизат Дарханқызы., Орынбасар Өркен Жалаңтөсұлы., Тыныштық Айжан Аманбаевна жетекшілік ететін өнерпаз білім алушыларымыз өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етіп, мерекелік шараны жандандыра түсті. Әуезді әндер, мың бұралған билер, жүректі тербеген күйлер – мұның бәрі аллеяның ашылу салтанатына сән беріп, жиналған жұртшылыққа ұмытылмас әсер сыйлады.
Соңында парасатты, инабатты ата-анамыз Палбекова Алия Нуртаева аналық ақ тілегін жеткізіп, «Камқоршылық кеңесі» мүшесі, жанашыр, белсенді ата-анамыз Молдағалиев Бақыткерей Лұқпанұлы аталық ақ батасын берді.
Бұл аллея – тек бүгінгі жетістіктердің емес, болашақ жеңістердің де символы және 2027 жылы тойланатын ғасыр тойдың 3 жылдық жоспарының ауқымды бір шарасы.







