Мектебімізде педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, озық іс-тәжірибелерімен бөлісу және өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты ашық сабақтар мен коучингтер апталығы басталды.
Апталықтың алғашқы күнінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі З. Салауатқызы 5-сынып оқушыларымен «Holidays and Travel» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім заманауи инновациялық технологияларды тиімді қолданып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдерді көрсетті.
Сондай-ақ, мектеп психологы А. Жолмухамедова жас мамандарға арналған «Педагогтің кәсіби өсуі — сапалы білім берудің кепілі» тақырыбында коучинг-тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында ұстаздар өзара пікір алмасып, кәсіби даму жолындағы маңызды қадамдарды талқылады.



