ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында директордың ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевнаның ұйымдастыруымен педагогтерді аттестаттаудағы жаңа моделіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында биылғы аттестаттаудан өтетін педагог кадрларға және оларға теңестірілген тұлғаларға аттестаттаудың пилоттық жобасының негізгі ережелері мен талаптары түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жаңа модельге қатысты түсіндірмелеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап педагогтерді аттестаттаудың жаңа моделі пилоттық режимде сынақтан өткізіле бастады. Жаңа тәсілде педагогтің кәсіби қызметінің нақты нәтижелеріне, практикалық жұмысына, жобаларға қатысуына, тәрбие жұмысына және кәсіби тәжірибесін таратуына басымдық беріледі. Сонымен қатар педагогке түсетін артық рәсімдер мен жүктемені азайту көзделген.
Түсіндіру барысында педагогтердің сұрақтарына жауап беріліп, аттестаттауға дайындықтың маңызды бағыттары мен жаңа талаптарға қатысты ақпараттар ұсынылды.
Мақсат – педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету және аттестаттау үдерісінің ашық әрі түсінікті өтуін қамтамасыз ету.




