Еңбек күніне арналған «Қоғам.Еңбек.Тағдыр.» атты кездесу кеші өткізілді. Шараға Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі директордың кәсіптік окыту жөніндегі орынбасары Қанбаев Мұратбек Сабырұлы қатысып, енбектін адамзатка, коғамға, халыққа, отбасыға, жеке адамзатқа беретін пайдасын айтып, адал енбегінің арқасында ел құрметіне бөленген адамның өмірі ғибрат екендігін тілге тиек етті. Біздің, кұнделікті өміріміздің тірегі болған жұмысшы мамандыктары — кұрылысшы, дәнекерлеуші, ауыл шаруашылығы мамандары, шахтер, энергетик жане
тағы басқа көптеген салада ел игілігі үшін тер төгетін жандардың еңбегі туралы әнгіме козғалды. Шарада: оқырмандар «Өз мамандығынын шебері болу үшін адам өзін-езі қалай дайындау керек деп есептейсіз? Адамның бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады? Сіздіңше мамандықты дұрыс таңдау дегеніміз не деп ойлайсыз? Мамандық таңдағанда нені басшылыққа алу керек?» сұрактар төңірегінде пікірлерін білдіріп, ой толғады.
Оқырмандар назарына «Еңбекпен шындалған өмір» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Scroll to Top