“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Құндылықтардың бастауы – отбасында” тақырыбында ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының алғашқы №1 тәжірибе алмасу сабағы өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың эмоционалдық, психологиялық тұрғыдан дұрыс дамуына қолдау көрсету.
1-4 сынып ата-аналарына арналған “Бірінші сынып оқушысының мектепке бейімделуі және мектеп өмірін қауіпсіз бастау”, 5-9 сынып ата-аналарына арналған “Мектеп ортасындағы тұлғааралық қарым-қатынас”, 10-11 сынып ата-аналарына арналған “Жасөспірімнің өз шешімдері үшін жауапкершілігі және оның қауіпсіздікке әсері” тақырыптарында тәжірибе алмасу өз деңгейінде өткізілді. Шара барысында ата-аналар өзара тәжірибе алмасып, бала тәрбиесінде тиімді қарым-қатынас орнату, баланы тыңдау, түсіну және қолдау көрсету жолдары туралы пайдалы ақпарат алды. Отбасы – бала тәрбиесінің алғашқы әрі маңызды ортасы. Балаға берілетін мейірім, қолдау, сенім мен дұрыс бағыт оның тұлға болып қалыптасуына үлкен әсер етеді.
Жауаптылар: тәрбие штабы, 1а,ә,б сынып жетекшілері А.Е.Габдуллина, Г.М.Турина, А.А.Мұзафарова, 5а,ә сынып жетекшілері А.Е.Арыстанбаева, А.Ж.Алдабергенова, 9а,ә сынып жетекшілері А.Ф.Ескуатова, Н.М.Шеруенова.

Scroll to Top