«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қазақстандағы отбасы күні мерекесіне орай «Жанұям-қорғаным, ата-анам тірегім» шебер класс ұйымдастырылды. Алғашқы құттықтау сөзі директордың міндетін атқарушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ф.А.Кушекбаеваға берілді. Кешіміздің арнайы қонағы- Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында өткен «Ғасырлар дәстүрі» жобасы аясындағы V Дүниежүзілік көшпенділер оюндары аясында өткен «АЛАМАН» құрақ жобасының 2 мәрте төсбелгісі иегері 10 «Ә» сынып оқушысы Сейл Акбота және оның анасы мектепішілік «Асыл аналар» аналар клубының мүшесі, «Аналар аманаты» топтың жетекшісі Нуртазина Гүлжүзім Рысжанқызы. Шебер класс барысында келген ата-аналар мен қыз балалары ши құрақтын технологиялық үрдісіні үйреніп, өз қолдарымен алғашқы құрағын жасап шықты және ұлттық өнердің қыр-сырын меңгерді. Нуртазина Гүлжүзім Рысжанқызы және Акбота ұлттық қолөнерді дәріптеу мақсатында құрақ көрпе құрау өнерінен шеберлік сағатын өткізіп, өз тәжірибелеріңізбен бөліскендеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Әрдайым қолдау көрсеткен және керемет пікірлерді қалдырған Ақтаев ата-аналарына арнайы рахмет айтамыз! Сіздердің ыстық ықыластарыңыз бен сенімдеріңіз бізді әрқашан жаңа белестерге жетелейді! Отбастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын! Жауапты: тәрбие штабы




