🌿 Жасыл мектеп – игі істің жалғасы
Мектебімізде «Жасыл мектеп» жобасы аясындағы игі бастама өз жалғасын тауып, бұл жолы білім ордамыздың тазалығын қамтамасыз етіп жүрген жандар да өз үлестерін қосты. Күн сайын мектептің жайлылығы мен тазалығына еңбек сіңіріп жүрген қызметкерлеріміз мектеп ішіне гүл егіп, ортаға ерекше көрік сыйлады.
Мектеп басшысы Р.Ж. Орынжаевна және жобаның бастамашысы директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Д. Базарбаевна игі іске қолдау білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.
Тазалық пен табиғатты аялау – ортақ жауапкершілік, ортақ құндылық.

