Бүгін мектебімізде директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Д. Базарбаевна «модератор» санатына үміткер педагогтерге арналған мазмұнды жиналыс өткізді.
Жиында ҚМЖ-ға қойылатын талаптар, бақылау парақтары және аттестация үдерісіне қатысты маңызды ақпараттар кеңінен түсіндірілді. Құжаттарды дұрыс рәсімдеу жолдары көрсетіліп, бағалау критерийлері нақтыланды.
Кездесу барысында педагогтер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, кәсіби даму жолында нақты бағыт-бағдар алды.
Әріптестерімізге сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз! 🌿

