📚 Жаңа оқу жылы — жаңа белестер!
Мектеп-гимназиямызда жаңа оқу жылына арналған алғашқы педагогикалық кеңес отырысы ұйымдастырылды.
Кеңес барысында оқу жылындағы білім беру процесін тиімді ұйымдастырудың басым бағыттары талқыланып, педагогикалық кеңестің жұмыс тәртібі мен құрамы бекітілді. Сондай-ақ мектеп-гимназияның даму бағдарламасының іске асырылу барысы сараланып, алдағы оқу-тәрбие жұмысының жоспары мен оқу жұмыс жоспары қаралды.
🔹 Педагогтер 2026–2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттың мазмұнымен таныстырылды.
🔹 Білім сапасын арттыру, оқу үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу және педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту мәселелеріне ерекше мән берілді.
✨ Алдымызда — жаңа міндеттер, тың идеялар мен жарқын жетістіктер!
Жаңа оқу жылы барша ұстаздарға толағай табыс пен шығармашылық шабыт әкелсін! 📚🌟




