27.08.2026ж. Жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарына негізделеді және адал, жауапты, еңбекқор әрі білімді, заңды, қоршаған ортаны, еңбек адамы мен Отанын құрметтейтін азаматты қалыптастыруға бағытталған “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын, “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бастамасын, “Заң және тәртіп” және “Адал еңбек” қағидаттарын іске асыру мақсатында сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің отырысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі “Тәрбие жұмысы және “Адал азамат”, “Тәрбиелеу процесін реттейтін және басшылыққа алынатын нормативтік-құқықтық актілер”, “Қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын құру”, “Буллингтің алдын алу және балалардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету”, “Психологиялық, әлеуметтік көмек және қызмет көрсету” және тағы басқа ағымдағы мәселелері талқыланып қаралды.
Жауаптылар: директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Б.З.Матаева, А.Ж.Жаңабергенова, педагог-психологтар Қ.Сағынбаева, А.Барақова, әлеуметтік педагогтар Ж.Мінсізбаева, Ж.Қайратқызы.



