qorga.zoo Ақтөбедегі 138 мектеп оқушысы жануарларға қалай шынайы дос болу керектігін үйренді! 🐶🐱
«QORGA: Zoo-Patrol» жобасы аясында (ҚР МӘМ, «АҚҰО» КЕАҚ және «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен) QUTQAR тобының волонтерлері Д.Ж. Анапиннің басшылығымен, сондай-ақ жоба волонтерлері Бақтыбай Әлихан Азаматұлы мен Мусинев Әділбек Битегенұлы Г. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясында «Менің адал досым» мейірімділік сабақтарын өткізді.
Іс-шараға 2 және 3-сынып оқушылары қатысты.
Балалармен қандай тақырыптар талқыланды:
Жоба туралы: «QORGA: Zoo-Patrol» жобасы және оның серіктестері таныстырылды.
Проблеманың мәні: Ақтөбеде қаңғыбас жануарлардың пайда болу себептері мен адамның жауапкершілігі туралы сөз қозғалды.
Жауапкершілік: Үй жануарларын дұрыс күту, тәрбиелеу және бағып-қағу ережелері түсіндірілді.
Ізгілікпен реттеу: ТҰВА (Ұстау – Стерилизациялау – Вакцинациялау – Қайтару) қағидасы, чиптеу мен стерилизацияның маңыздылығы айтылды.
Қауіпсіздік: Иесіз жануарларды кездестіргенде өзін-өзі ұстау ережелері мен алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулық беріліп, нақты жағдайлар талқыланды.
Қорытынды: Оқушыларға ақпараттық буклеттер таратылып, естелік суретке түсу ұйымдастырылды.
Сабақтар балалардың бойында жануарларға деген мейірімділік пен жауапкершілікті қалыптастыруға көмектесті.
Ынтымақтастық пен жас ұрпақты мейірімділікке баулуға қосқан үлесі үшін «Г. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ әкімшілігіне алғыс білдіреміз! ❤️




