«ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ» – ҚАУІПСІЗ МЕКТЕП КЕПІЛІ
04.09.2026 ж. «Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ-де «Қауіпсіз қоғам» жобасы аясында құқық бұзушылық пен буллингтің алдын алуға бағытталған профилактикалық шара өткізілді.
Шара барысында Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы №2 ҚПБ ҚҚБ УПИ, полиция капитаны Шонтаев Айбек Ниетұлы I кезең оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға:
🔷 «Заң және жасөспірім»;
🔷 «Мектептің тәртіп ережесін сақтау»;
🔷 «Құқық бұзушылықтың алдын алу және жеке қауіпсіздік»;
🔷 «Буллингтің алдын алу»;
🔷 «Тыйым салынған заттарды мектеп аумағына әкелмеу және оның жауапкершілігі» тақырыптары бойынша маңызды ақпараттар берілді.
Полиция капитаны оқушыларды заң талаптарын сақтауға, бір-біріне құрметпен қарауға, буллинг пен кез келген құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырды.
🎯 Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық пен буллингтің алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
Қауіпсіз қоғам – саналы ұрпақтан басталады! 🤝



